Әбдіжаппар Әлқожа - Оригиналсың Lyrics

Lyrics Оригиналсың - Әбдіжаппар Әлқожа



Бақытыңды аялап қолыңдағы
Басыңдағы бағыңды өшірмеші
Сұлу қыздар көп шығар соның бәрі
Сенің сұлулығыңның көшірмесі
Ал сен оригиналсың
Соған халық илансын
Саған қолы жете алмай
Бәрі, бәрі қиналсын.
Ал сен оригиналсың
Таза табиғи нәрсің
Саған қолы жете алмай
Бәрі, бәрі қиналсын
Бұл өмірде мен үшін бір өзің бар
Екі көзім басқаны байқамайды
Қайталанбас жібектей мінезің бар
Қалғандары соныңды қайталайды.
Ал сен оригиналсың
Соған халық илансын
Саған қолы жете алмай
Бәрі, бәрі қиналсын.
Ал сен оригиналсың
Таза табиғи нәрсің
Саған қолы жете алмай
Бәрі, бәрі қиналсын.



Writer(s): әбдіжаппар әлқожа


Әбдіжаппар Әлқожа - Оригиналсың
Album Оригиналсың
date of release
13-12-2018




Attention! Feel free to leave feedback.