jeltoksan. - Jaiykpen Juzdeskende paroles de chanson

paroles de chanson Jaiykpen Juzdeskende - jeltoksan.



Сәлем, ұлы Жайығым!
Толқынына кім салмады қайығын
Кім шертпеді саған келіп шаттығын
Кім жумады саған келіп айыбын
Сәлем, ұлы Жайығым!
Толқынына кім салмады қайығын
Кім шертпеді саған келіп шаттығын
Кім жумады саған келіп айыбын
Байқаймысың
Байкаймысың
Мына ғажап тамашаны
Бір адамға байланысты бір адамның болашағы
Байыппенен көз жіберсең асау жылдар өрісіне
Бір адамға байланысты бір адамның жеңісі де
Бұл замани қағиданың мүмкін бе екен көнермегі
Қозы Көрпеш аман тұрса
Баян сұлу өлер ме еді?
Исатайды жеңбесе жау
Махамбетті жеңер ме еді
Қайран ақын тағдырының соққысына көнер ме еді?
Сәлем, ұлы Жайығым!
Толқынына кім салмады қайығын
Кім шертпеді саған келіп шаттығын
Кім жумады саған келіп айыбын
Сәлем, ұлы Жайығым!
Толқынына кім салмады қайығын
Кім шертпеді саған келіп шаттығын
Кім жумады саған келіп айыбын
Сәлем, сәлем Жайығым
Сәлем,сәлем
Сәлем,сәлем
Сәлем,сәлем
Жұрт көп еді атақ-даңқтан үмітті
Оның көбін қатал тарих ұмытты
Туған Отан мәңгі ұмытсын мені де
Сендей өзен бола алмасам еліме!
Жұрт көп еді атақ-даңқтан үмітті
Оның көбін қатал тарих ұмытты
Туған Отан мәңгі ұмытсын мені де
Сендей өзен бола алмасам еліме!



Writer(s): айдын китапкали, ерсултан бакытжан, мухтар шаханов


jeltoksan. - Korgasyn
Album Korgasyn
date de sortie
27-02-2020




Attention! N'hésitez pas à laisser des commentaires.