Әбдіжаппар Әлқожа - Лабиринт Жүрек paroles de chanson

paroles de chanson Лабиринт Жүрек - Әбдіжаппар Әлқожа



Атақ па саған керегі
Береді Алла береді
Даңқты даңқой боларсың
Ниетің сондай себебі
Өмірден өтіп кетсең де
Дейді жұрт пай-пай ер еді
Ақша ма саған керегі
Береді Алла береді
Соған-ақ қолың сумаңдап
Теңгемен тиын терегі
Бересің жауап сен де ертең
Сұраусыз су жоқ себебі
Сұлу ма саған керегі
Береді Алла береді
Желкілдеп тұрған желегі
Еріп те тұрған емені
Ерінің талай емі еді
Жүзіңнің мұңы болмаса
Ізіңнен мыңы ереді
Өлімге үрке қарайсың
Қойылар соңғы нүкте деп
Нүктенің арғы жағынан
Басқа бір сөйлем күтпе деп
Сүйесің мына өмірді
Бақ керек саған құт керек
Ібіліс салған жолға ерсең
Өмірді мынау той көрсең
Ақыретте саған айтарым
Азаптан басқа түкте жоқ



Writer(s): әбдіжаппар әлқожа, талғат мықи


Әбдіжаппар Әлқожа - Лабиринт Жүрек
Album Лабиринт Жүрек
date de sortie
22-08-2017




Attention! N'hésitez pas à laisser des commentaires.