Muslim - Outro Lyrics

Lyrics Outro - Muslim




Болды кеше қара түн, міне бүгін жаңа күн,
Оның нақты жауабын шешіп көр жалпы.
Неліктен жалықтың сезінбей жан рахатын?!
Көңіліңнен шығатын жарларыңның шаң арты.
Ойланып қар халқым тыңдауға тұрарлық кім?
Ащы шындықтың атын жауып шығарма үкім!
МІС-тың алдына тұруға лайықты TRU,
Жеңіл деп ойлаймысың тура ғайыпты көру.
Нағыз қазақтың таза жыры ауруға ауыр,
Дана сөз шеберіне әңгімең бар ма бауыр.
Бірінші байла бауыңды қайдағы байу,
Қайтарымда айтарым бар барлық пафосқа ұдайы.
Қиядағы қимаған қиялдарым қиналады,
Қиыла қарай ұялғаны миға сыймады.
Пиарды сыйлағалы соған да бір сый алмадың,
Істің барып байыбына айнып бақтың тиымдардан...
Құлағыңды түрдің бе, ендеше сен қатардасың,
Шетке ысырып тастады, деме ақын қарындасым.
Әр сөздің сиқыры бар, оны мойындағын,
Ұлы болған Абайдың қара сөзіне бой ұрғанмын.
Сол емес пе бұйырғаны біздерге асыл мұраның,
Ақиқат айтылу тиіс бұл менің хақ ұраным.
Ақ пен қараны бөлетін жырларымның болар лебі,
Ауыз бірлік болған жерде түспес қазақтың беделі...




Attention! Feel free to leave feedback.