Ninety One - Kalai Karaisyn Lyrics

Lyrics Kalai Karaisyn - Ninety One



Бір көргеннен бері
Сақталды бейнең есте,
Күндер өтеді
Күте, күте.
Күтемін сенің маған деген сезімдеріңді,
Күтемін сені маған дереу белгі бер енді,
Күтемін сені, енді келесі амалым не?
Маған жауабын бер, маған жауабын бер!
Тапталып жүрегім кеудем өртенуде
Мен аттанып жүремін сенің әлеміңе
Қарашы бері (бері), сезімге еніп (еніп), орашы мені (мені).
Жүрегім сені таңдады, (Yeah.)
Күтуге тағат қалмады (Yeah.)
Армандап таңым атады, кел!
Өзіме сені тартамын мен...
(Woah.) Қалай қарайсың?
Кел мұнда дейм(ін), (Hey baby), бері - бері
Тең келмейтін неткен сен керім едің
Мен бүгіннен бастап енді дәмеленем(ін) ертегіні бастауға (Aw.)
Қара, жүрегіңді тез арада алам(ын) аулап, иә, мен сондай жаман бала болам(ын)
Қауіпті алып алатынын алып, кетпесе болмайд(ы) бұған қалай қарайсың (А?)
Менің күмәнім бар, мені бұл түні сен қаламайтыныңа күмәнім бар
Кінәләма, сенің қызыңды мен жаулап алам(ын), мені кінәләма, қалай қарайсың а? (Ra.)
Олардың көздері жанып тұрады (неге?) жауабы анық сұрақ! (Aw.)
Hey, таң қалма аруларың жатқанда мені сұрап
Менің суретімді түнде армандап жатады олар құшағына орап
(Woah.) Қалай қарайсың? Білем(ін), көре алмайсың менің дәрежемді
Терең дем ал, терең дем ал:
Тіпті тығылып тыңдайды мені сенің әжең де (Pow!)
(Wow wow wow) Cенің денең елеңдеген бұл әуенге лап - лаулауда,
Мойында, сенің ойыңды оп - оңай оқығаным (і-і) баурауда,
Сенің иісің менің мұрныма тиісіп, (Scrt.) мені өзіңе байлауда
Дереу кел бері, тербеле, мен шыдай алмайм(ын), әйтпесе, менің...
Тапталып жүрегім кеудем өртенуде
Мен аттанып жүремін сенің әлеміңе
Қарашы бері, сезімге еніп, орашы мені.
Тапталып жүрегім кеудем өртенуде
Мен аттанып жүремін сенің әлеміңе
Қарашы бері (бері), сезімге еніп (еніп), орашы мені (мені).
Жүрегім сені таңдады, (Yeah.)
Күтуге тағат қалмады (Yeah.)
Армандап таңым атады, кел!
Өзіме сені тартамын мен...
(Woah.) Қалай қарайсың?




Ninety One - Aiyptama
Album Aiyptama
date of release
03-02-2016




Attention! Feel free to leave feedback.