Ali Okapov - Aq Tilek Lyrics

Lyrics Aq Tilek - Али Окапов




Көктем қандай шырайлы, шұғылалы
Мың құлпырып қызғалдақ құбылады
Бақытты жан екеуміз бар әлемде
Ешкім сырын білмейді мұның әлі
Таң қаламын келбетіңе қараймын да
Ғарыштағы сәулелерден жаралдың ба?
Сүйем сені, сүйем сені, сүйем сені
Оттай ыстық жүрегіммен ар алдында
Ғашық жардың аяулы ақ тілегі
Аялаған арманның тәтті лебі
Жалғыз сенің айнымас махаббатың
Тебірентті, толқытты қатты мені
Таң қаламын келбетіңе қараймын да
Ғарыштағы сәулелерден жаралдың ба?
Сүйем сені, сүйем сені, сүйем сені
Оттай ыстық жүрегіммен ар алдында
Көктем қандай шырайлы, шұғылалы
Мың құлпырып қызғалдақ құлпырады
Бақытты жан екеуміз бар әлемде
Ешкім сырын білмейді мұның әлі
Таң қаламын келбетіңе қараймын да
Ғарыштағы сәулелерден жаралдың ба?
Сүйем сені, сүйем сені, сүйем сені
Оттай ыстық жүрегіммен ар алдында
Сүйем сені, сүйем сені, сүйем сені
Оттай ыстық жүрегіммен ар алдында



Writer(s): сейдолла байтереков, шөмішбай сариев


Ali Okapov - Suie Bilsen
Album Suie Bilsen
date of release
01-01-2021



Attention! Feel free to leave feedback.