Dimash Kudaibergen - Zhalyn paroles de chanson

paroles de chanson Zhalyn - Dimash Kudaibergen




Әлі де, бәрі де өзгермеді
Жүрегің жалынды сезбей мендегі
Секілді бейтаныс кездердегі
Өтуде, кетуде
Тербейтін өзіңсіз төзімді
Көнбейтін көңілсіз жүруге мұңды
Көрмейді ме мөлдір көзің сұлу сезімді?
Көріп қалдың қай мінімді?
Қалап едің қандай болуды?
Талғамыңа сай жүруді
Талап етпе ондай жоқ үлгі
Менің, сен енді оңды-солды
Жүрісім бәрін-бәрін
Табиғи болмысымды
Шынайы сен қабылдағын
Ойламай күндерден кешігуді
Сұрап та үлгермей кешіріміңді
Қабылдап қазіргі шешіміңді
Өтерсің, кетерсің
Сонда да қалатын көңілде
Қайтадан келмейтін түзетілуге
Өкінішке айналатын уақыт бар өмірде
Көріп қалдың қай мінімді?
Қалап едің қандай болуды?
Талғамыңа сай жүруді
Талап етпе ондай жоқ үлгі
Менің, сен енді оңды-солды
Жүрісім бәрін-бәрін
Табиғи болмысымды
Шынайы сен қабылдағын
Сен енді оңды-солды
Жүрісім бәрін-бәрін
Табиғи болмысымды
Шынайы сен қабылдағын




Dimash Kudaibergen - Zhalyn
Album Zhalyn
date de sortie
25-08-2022

1 Zhalyn



Attention! N'hésitez pas à laisser des commentaires.