Ninety One - M.B.B.A.B.B.D. текст песни

Текст песни M.B.B.A.B.B.D. - Ninety One



Қоштасқан жерден,
Алыстай беріп ем,
Бұрылып саған шыдамай,
Қарай берем.
Қиын недеген,
Жеткізу сөзбен.
Бірге болуды бəріне,
Бермейді екен.
Махаббат бар бұл əлемде,
Бақытты бол деген.
Осылай махаббатпен,
Күлімдеп қоштастым мен.
Бұл менің алғашқы рет,
Сүйгенім жүрегіммен.
Соншалық сұлу,
Сұлу елес.
Ұмыту оны мүмкін емес.
Бақытты болу,
Барлығы армандайтын белес.
Қоштасқан жерден,
Алыстай беріп ем,
Бұрылып саған шыдамай,
Қарай берем.
Қиын недеген,
Жеткізу сөзбен.
Бірге болуды бəріне,
Бермейді екен
Қалдырмай кетем деп ем,
Өкініш өткен күннен.
Айта алмай бірде бір сөз,
Қалыппын кетерде мен.
Соншалық сұлу,
Сұлу елес.
Ұмыту оны мүмкін емес.
Бақытты болу,
Барлығы армандайтын белес.
Қоштасқан жерден,
Алыстай беріп ем,
Бұрылып саған шыдамай,
Қарай берем.
Қиын недеген,
Жеткізу сөзбен.
Бірге болуды бəріне,
Бермейді екен.
Қоштасқан жерден,
Алыстай беріп ем,
Бұрылып саған шыдамай,
Қарай берем.
Қиын недеген,
Жеткізу сөзбен.
Бірге болуды бəріне,
Бермейді екен.
Махаббат бар бұл əлемде,
Бақытты бол деген.



Авторы: juz entertainment


Ninety One - Qarangy Zharyq
Альбом Qarangy Zharyq
дата релиза
05-05-2017




Внимание! Не стесняйтесь оставлять отзывы.