Текст песни




Тоқылған қолғабыңды шешпе
Ызғарлы аяз кеп соғады
Қызарған сүйкімді бетің
Аялдамада жалтақтап
Қар себелеп аспаннан түсті
Жарылған қызыл ерніңе
Еріген тамшылар жалтырап
Кірпіктеріңе ауырлық болған
Жапалақтап қар жауған кезде
Бұл әуенді естіген кезде
Сөздерін дұрыстап жаттап ал
Бірге шырқаймыз кездескен кезде
Әнімді жадыңа сақтап ал
Билейміз бірге кездескен кезде
Жүрегімді ұрлатып келдім мен
Аппақ желтоқсан кешінде
Ескені сезімдер лебі ме
Ыстық боп тиген кеудеме
Көліктер асыққан лезде
Мөлдіреп жұмылған көздер
Жылулық бөлінген мезгілде
Сені енді қайтып көрем бе
Жапалақтап қар жауған кезде
Бұл әуенді естіген кезде
Сөздерін дұрыстап жаттап ал
Бірге шырқаймыз кездескен кезде
Әнімді жадыңа сақтап ал
Билейміз бірге кездескен кезде
Сөздерін дұрыстап жаттап ал
Бірге шырқаймыз кездескен кезде
Әнімді жадыңа сақтап ал
Билейміз бірге кездескен кезде





Внимание! Не стесняйтесь оставлять отзывы.
Загрузка
Загрузка