Raim - 0818 paroles de chanson

paroles de chanson 0818 - Raim



2008:Қолда Nokia
Менде рэп комната
Біреуде Tokyo
Интернетте ремонт жасау
Вот и до
А то барлығы мұрны
Өскен бір Пенокио
2009: Қазақтар құлақта
Сол кезде білдім не екенін құлаққап
Ойым да, Санам да
Бәрі тұрақталады
Жәймен сездім жүрек нені ұнататынын
2010: не тыңдайсың деді маған
Сол кезде көрдім
Музыка үшін мені жамандаған
Бірақ қараларды тыңдағаныма арланбадым
Сол кезде пайда болды Қара бала армандаған
2011:дауыстап айта бастады
Қара баланы қара жаққа бөліп тастады
Мектепте қойылатын баға 3 тен аспады
Жиналыста анамды жерден алып,
Жерге тастады
2012: Мама оқимын жақсы
Жиғанына силады ноут болсын деп қатарласты
Сабақ емес басқа нәрсеге көзім түсті
А то балкишт ноуттағы көк түсті
Есімде тапсырғаным
Темір, шөлмек жинап
Алғашқы табысыма
Алдым микро 2000ға
2013: балмұздақ студент
Жолым болды мама грантқа мен түстім деп
Хабарласқан кезде анам маған қуанышты
Өмірде қара бала жаңадан бір парақ ашты
12000ды 1айға жетіп жаратқам
Сол жылы түсып қайта айырылдым гранттан
Үйге барғым келмеді
Жармасып балақтан
Естіртпей көшеде жарнама таратқам
Құлақта құлаққап Акиматтың алдында
Арлы-берлі сыпырады демала алмай шаңына
Ресторанда жаймен арлы-берлі тамақ тасып
Даяшы боп жүргенім
Сабаққада қабаттасып
Сол кезде ұйқы бұзылды
Қызыл көз, қызыл тамыр
Не болсада
Құлағымнан тастамадым музыканы
Меховая 8 ең алғашқы махаббатым
Райм деп қойылды
Сол кезде лақап атым
Үлкен арманымен келді ауылдың Қара баласы
Студияға "DD RECORDS" деп аталатын
2014: жақын таныстық ағаммен
Тынысы кеңейді мен мақтандым ақ Жатқанмен
Қуанамын танысқаныма сендей адаммен
Кездеспесек кім боларымды блмейм тіпті шамамен
2015: жинала бастады топ
Арамызда тек мен дейтіні жоқ
Барлығы бірі үшін
Бірі барлығына
Көңіл түсірмедік болмасада қарын тоқ
2016: жәймеңдеп қадам бастым
Музыканы түсініп ағаммен қатарластым
Байқады Қара баладан бір дүние
Сол студия айналды менің үйіме
2017: қоржында әндер жиналды
Сол кезде әндерге аяқта деді финалды
Ауылдан әкелген қарапайым әндеріңе
Жасаймыз деді агам альбом идеалды
Есімде жеңістің қасымда болған кездері
Шаршағанда демеу берген оның сөздері
Есімде Димаш студияға келген сайын
Әрбір жазған әндерімнен алып кететін кайф
Есімде Алина әрбір жазған әндерімді түсінеді
Еске алып көрші болған кездерімді
Есімде команданың барлығы мен үшін
Жұмыстары болсада аямады бар күшін
Мен үшін ол кезде ұйықтамады жасыл қала
Ұйқысын бөлді мен ушін ең жақын ағам
Пайда көздеп жазған емес
Ішкі дүниені ақтарып
Альбом жаздым аталды "Қара бала"
Алғашқы альбомы Раймның қуанышы
Бұл альбоммен мақтанды өзінің ауыл-іші
Сол кезде бүкіл Қазақстан
Қуанатындай хит жазылды
Артурмен таң атпай
Қой бағып өскен
Ауылдағы қара бала
Қалжыңдайды агам енді
Казір ол қала бала
Гастролдер Райм Артур
Барлық жерде бүкіл қала
Мәскеуде Ресейде Бішкекте
Кыргыздарга
Ия мен корінгенге мәз боламын
Мен ушін букіл нарсе жасаган
Ар қадамым тарбиесі деп білемін
Ата анамның жане де
Карапайым қылықты уйреткен агамның
Бастысы қымбат нарсе олардың
Аттары емес
Қымбат заттар олар мулдем заттар емес
Бастысы шыққан жерді ешқашан да умытпа
Бауырым менен артық етпес жай кеңес
Байқаганым коңілсіз әр альбомның сонгы трекі
Осы он жыл мен ушін
Бақытты саттер омірдегі
Жанұяма алгыс қолдап журген мені унемі
Бір Аллага мәлім тек алда тагы не кутеді




Raim - O2
Album O2
date de sortie
30-11-2018




Attention! N'hésitez pas à laisser des commentaires.