NAZIMA feat. Te Vaka - Beyond (End Credit Version) - From "Moana 2"/Kazakh Soundtrack Version Lyrics
NAZIMA feat. Te Vaka Beyond (End Credit Version) - From "Moana 2"/Kazakh Soundtrack Version

Beyond (End Credit Version) - From "Moana 2"/Kazakh Soundtrack Version

Te Vaka , НАZИМА


Lyrics Beyond (End Credit Version) - From "Moana 2"/Kazakh Soundtrack Version - Te Vaka , НАZИМА




Жұлдыздарды білсем ғой" деуші ем
Өзге әлем қол бұлғайды
Бар өмірім өзгерді бірден
Қарсылық та жоқ менде мүлдем
Баяғы кездей емес бұл
Әкетпекші соққан дауыл шалғайға
Өскен ұям
Менің туған өлкем
Бәрін де мен
Бір сәтте қалайша қиям?
Ол жақ қандай?
Бәрі маған беймәлім
Қиналмас па екен жаным?
Дұрыс па таңдауым?
Ал ол жақ қандай?
Барсам егер бел байлап
Өз елімнен, сүйгенімнен шалғайға
Бара аламын ба?
Енді басталды ғой деуші ем
Жалын атқан жас күнім
Не болады енді өмірім менің?
Олар шақырады
Мені жолға
Бірақ бұлай
Қоштасамын қалай, қалай?
Ол жақ қандай?
Жұмбақ әлем беймәлім
Қиналмас па екен жаным?
Дұрыс па таңдауым?
Ал ол жақ қандай?
Кетсем егер бел байлап
Өз елімнен, сүйгенімнен шалғайға
Бара аламын ба?
Қалмасам қазір жанында
Алғын өскен шағында?
Әрдайым мен қасыңдамын
Бірақ сенің мақсатың көп
Алда не күтіп тұрғанын білмеймін
Бірақ кім болатынымызды өзіміз шешеміз
Ол жақ қандай?
Білмесем де барамын
Осы болды қалауы
Амалын табамын
Бұл мен, Моана
Жер мен судың перзенті
Өзгермейді
Табиғатым бұл енді
Білмеймін
Не барын
Алайда
Барам сонда!



Writer(s): Mark A. Mancina, Lin-manuel Miranda, Opetaia Tavita Foa'i, Emily J. Bear, Abigail Ross Barlow


NAZIMA feat. Te Vaka - Beyond (End Credit Version) [From "Moana 2"/Kazakh Soundtrack Version] [feat. Te Vaka] - Single



Attention! Feel free to leave feedback.
//}