Ninety One - Shyda Lyrics

Lyrics Shyda - Ninety One



Жеріміздің белгісіз нүктесінде
Тұрады "есім" қалар тарих есінде
Сені сендірген ол сен емессің деп
Білесің бе, жаным, менсінбе!
Шыда Шыда Шыда Шыда
Ештеңеге қарамастан шыда!
Бұл әлем аяуды ұмытқан,
Берілме дым жалғыз қалсаң да (Сен қалсаң да)
Шыңға шарықтайтын жолдарды іздесең,
Онда қиын кезеңге бол дайын!
Ұйқың қанбайд, ол да түк емес, әлі де үлгересің, кейін.
Тар аралар, кең жаралар, жүрегің күюде, құйын жүр үйіңде.
Жас саналар жаттап алар атыңды,
Егер ерте берілмесең тек
Жол бойы тұла бойың сезбей сынғанын келесің бе?
Бір-ақ сәт жұлдыз құлайд үлгересің бе ұстап оны?
Жеріміздің белгісіз нүктесінде
Тұрады "есім" қалар тарих есінде
Сені сендірген ол сен емессің деп
Білесің бе, жаным, менсінбе!
Шыда, шыда, шыда, шыда!
Ештеңеге қарамастан шыда!
Бұл әлем аяуды ұмытқан,
Берілме дым жалғыз қалсаң да!(Сен қалсаң да)
Теріңді дәндей ек-ек, қателік пәндей - мектеп,
Күніге ләңгі теппей, мәңгі мән бер, сәнде, әндет.
Түн-күнде дым мұң білмей, шыныңды үнде,
Үңіліп, алдыңа қарап білім ізде, бәрі мүмкін де, сенде сөнбе!.
Тар аралар, кең жаралар, жүрегің күюде, құйын жүр үйіңде.
Жас саналар жаттап алар атыңды,
Егер ерте берілмесең тек
Жеріміздің белгісіз нүктесінде
Тұрады "есім" қалар тарих есінде
Сені сендірген ол сен емессің деп
Білесің бе, жаным, менсінбе!
Шыда Шыда Шыда Шыда
Ештеңеге қарамастан шыда!
Бұл әлем аяуды ұмытқан,
Берілме дым жалғыз қалсаң да (Сен қалсаң да)
Шыда Шыда Шыда Шыда!
Ештеңеге қарамастан шыда!
Бұл әлем аяуды ұмытқан,
Берілме дым жалғыз қалсаң да (Сен қалсаң да)




Ninety One - 91 - EP
Album 91 - EP
date of release
02-10-2020




Attention! Feel free to leave feedback.