Mona Songz - Сендей болмайды paroles de chanson

paroles de chanson Сендей болмайды - Mona Songz



Білесің бе, екеуміз кешкен күн жүр есімде?!
Бақытты сезімнен жанарың алаулаған
Білесің бе, қоштасып кеткен түн тұр есімде?!
Мәңгі бір болудың амалын таба алмаған
Қанша жан жолықтырдым, бірақ
Сендей болмайды
Сүйкімді болып тұрды, бірақ
Сендей болмайды
Қаншама сұлу көздердің
Естідім жылы сөздерін
Бәрібір мен үшін жаным-ау, сендей болмайды
Ешкім де сендей болмайды
Сендей болмайды
Білесің бе, бақытқа бөлейсің түсіме кіресің де?!
Жабырқап қаламын өкініп оянғанда
Білесің бе, үйреніп келемін тағдырмен күресуге?!
Жағымды жайларды толтырып ой-арманға
Қанша жан жолықтырдым, бірақ
Сендей болмайды
Сүйкімді болып тұрды, бірақ
Сендей болмайды
Қаншама сұлу көздердің
Естідім жылы сөздерін
Бәрібір мен үшін жаным-ау, сендей болмайды
Ешкім де сендей болмайды
Сендей болмайды




Mona Songz - Млечный путь
Album Млечный путь
date de sortie
20-10-2023




Attention! N'hésitez pas à laisser des commentaires.