Ali Okapov - Qyzyl Korpe текст песни

Текст песни Qyzyl Korpe - Али Окапов



Тәтті ұйқының қушағына беріліп
Жатты сұлу, үнсіз турмын телміріп
Ақ дидарын, айдай жүзін көргенде
Бойым балқып, кетті сезім еліріп
Ай секілді, маңдайдағы қиғаш қас
Беттегі мең сайда жатқан қара тас
Дем шығарып баяу ғана жупардай
Қорғасындай толықсиды қарындас
Күнім туып бақ жулдызым жанатын
Уақыт болсам мәңгі тоқтап қалатын
Болсам етті, әттең дүние-ай сол көрпе
Құшып, сүйіп құшағыма алатын
Дәурен қайда маған оны сүйетін
Менің, оны шын сүюғой ниетім
Не сол көрпе астарының бір сабақ
Жібі болсам денесіне тиетін
Күнім туып бақ жулдызым жанатын
Уақыт болсам мәңгі тоқтап қалатын
Болсам етті, әттең дүние-ай сол көрпе
Құшып, сүйіп құшағыма алатын
Күнім туып бақ жулдызым жанатын
Уақыт болсам мәңгі тоқтап қалатын
Болсам етті, әттең дүние ай сол көрпе
Құшып, сүйіп құшағыма алатын



Авторы: азилхан нуршайыков, али окапов, арман мукатай, окапов али таскынулы


Ali Okapov - Qyzyl Korpe
Альбом Qyzyl Korpe
дата релиза
01-01-2022



Внимание! Не стесняйтесь оставлять отзывы.