Raim - Бар Мен Жоқ текст песни

Текст песни Бар Мен Жоқ - Raim



Біреудің атағы бар, бірақ абыройы жоқ
Біреудің ақшасы бар, бірақ ақыл ойы жоқ
Біреудің достары көп, ішінде сенері жоқ
Беделің болса бар, болмаса керегі жоқ
Бір шалдың сақалы бар, елге берер жоқ батасы
Еркек деген аттар бар, ел қорғауға жоқ шамасы
Жылтырайтын тастар бар, арзанға ұқсатпас
Жылтырақ адамдар бар, ішінде аласы
Адамдар бар ақшасыз өмірі жоқ
Адамдар бар онсызда көңілі тоқ
Адамдар бар амалсыз жақтаңдар
Адамдар жасайтын жоқтан бар.(2х)
Біреудің аты бар, қалдырған ізі жоқ
Біреудің малы бар, өзгемен ісі жоқ
Біреуге сөз берген, істейтін қылығы жоқ
Біреуге көз берген, баратын жолы жоқ
Біреуге берсе байлық, бұйыртпайды бақыт
Біреу тас кедей болсада, өмір сүрер шалқып
Біреулер бар, шығаратын барды жоққа
Біреулер бар жоғын көрсететін бар қып
Адамдар бар ақшасыз өмірі жоқ
Адамдар бар онсызда көңілі тоқ
Адамдар бар амалсыз жақтаңдар
Адамдар жасайтын жоқтан бар.(2х)




Raim - O2
Альбом O2
дата релиза
30-11-2018




Внимание! Не стесняйтесь оставлять отзывы.